Сенат бюджетке қатысты құжатты Мәжіліске қайтарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. Құжатқа толықтырулар енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы 20 наурызда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында маңызды шешімдер қабылданып, ҚР Президенті осы заң жобасына: астанамыздың атауын Нұр-Сұлтан қаласына өзгерту; жаңа мемлекеттік органды - ҚР Тұңғыш Президентінің-Елбасының Кеңсесін құру; бюджет саласының жалақысы төмен жұмыскерлерінің және атқарушы органдардың санаттары төмен мемлекеттік қызметшілерінің жалақысын арттыру мерзімін биылғы 1 шілдеден 1 маусымына ауыстыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет ететін бірқатар тапсырма берді», - делінген Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында.

Аталған тапсырмаларды іске асыру үшін 38 млрд теңге қажет болады. Оларды республикалық бюджет тапшылығының есебінен оның номиналды мәнін ұлғайта отырып және ІЖӨ-ге қатысты мөлшерін 2,1 пайыз деңгейінде сақтай отырып көздеу ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында 1 маусымнан бастап кімдердің жалақысы көтерілетіні айтылған еді.

Сенаттың жалпы отырысында ҚР Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов Республикалық бюджет түсімдерінің нақтыланған болжамы 821 млрд теңгеге ұлғаюымен 10 трлн 569 млрд теңгені құрайтынын атап өтті. Бұл түсімдер мыналардың есебінен жүргізіледі: кедендік әкімшілендіруді күшейту нәтижесінде 200 млрд теңге сомасында қосымша кірістер; Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті 250 млрд теңгеге ұлғайту; тікелей инвестициялар қорын құруға Ұлттық қордан 370 млрд теңге сомасында нысаналы трансферт тарту нәтижесінде іске асырылады.

Оның сөзіне қарағанда, 2019 жылы республикалық бюджеттің шығыстары 1 трлн 206 млрд теңгеге ұлғая отырып, нақтылаудың нәтижесінде 11 трлн 933 млрд теңгені құрамақ.

Бюджетті нақтылаудың негізгі бағыты «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларды іске асыруға арналған, оларға ағымдағы жылы тиісті іс-шаралар бойынша 481,3 млрд теңге бөлінеді. Осы орайда 2019 жылға арналған 261,3 млрд теңге шығыстар азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейтуге негізделген.

Соңғы жаңалықтар