Сенат БҰҰ-ның Субөңірлік бөлімшесіне қатысты заң жобасын қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты «ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Солтүстік және Орталық Азия үшін Субөңірлік бөлімшеге арналған әкімшілік пен қаржылық рәсімдерге қатысты келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Парламент Сенатының бүгінгі отырысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов заң жобасын мақұлдауды сұрады. Министр өз сөзінде заң жобасына Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Солтүстік және Орталық Азия үшін Субөңірлік бөлімшесі Алматы қаласында ашылғанын атап өтті.

«ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 4 мамырдағы қаулысымен БҰҰ арасында ЭСКАТО-ның бөлімшесін құру туралы негізгі келісім мақұлданды. Аталған келісімнің 8-ші бабына сәйкес, субөңірлік бөлімшенің әкімшілік және қаржылық рәсімдеріне қатысты қосымша халықаралық шарт жасау көзделген болатын. Әкімшілік және қаржылық келісімге сәйкес, қазақстандық тарап ЭСКАТО-ға жыл сайын 100 мың АҚШ доллар қаржы, кеңселік үй-жайды және бағдарламалық іскерлік іс-әрекет шараларын жабуға бөледі. Сонымен қатар, кеңселік үй-жай береді. Осы заңды қабылдау республикалық бюджеттен келісімде қарастырылған сомадан басқа қосымша қаражат бөлуді қажет етпейді», - деді Қайрат Әбдірахманов.

Министр сонымен бірге, қарастырылып жатқан мәселенің саяси маңыздылығын атап өтті.

«Келісімнің ратификациясы Қазақстанның ЭСКАТО-ның мақсаттары мен міндеттеріне бейімделуге, Азия мен Тынық Мұхит өңірлерімен байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Субөңірлік бөлімше Елбасының бастамасына сәйкес, Алматы қаласындағы көпжақты дипломатия жөніндегі халықаралық хабін құру тұжырымдамасына сай келіп отыр. БҰҰ хабы халықаралық ұйымның Орталық Азиядағы ұйымдарының тиімділігін арттыруға бағытталған», - деді министр.

Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, БҰҰ-ның басқа да агенттерімен қатар, «ЭКСПО-2017» мұрасы ретіндегі жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар жөніндегі халықаралық орталықты құру туралы Қазақстанның бастамасын қолдаған.

Заң жобасы талқыланғаннан кейін аталған келісімді Сенат Төрағасы келісімді мақұлдауды дауысқа салды. Депутаттардың дауысы бойынша Сенат заң жобасын мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар