Сенат бизнесті заңсыз тексерістерден қорғауға бағытталған заңды қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатында «Прокуратура туралы» заң жобасы қабылданды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасын таныстырған ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Аxметжанов бұдан былай прокуратура құқықтық актілерге талдау жүргізіп, оларға баға беретін құқыққа ие болмақ. Осылайша, актілерге баға беру критерийі олардың заң күшіне енуі болады. Мұндай бақылау мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың шығарған актілеріне жүргізіледі және оларға наразылық енгізілуі мүмкін. Прокурорлық бақылау бизнесті заңсыз және негізсіз тексерістерден қорғауға бағытталмақ. Заң жобасында прокуратураның басқа мемлекеттік органдардың құзырын қайталауына жол берілмейді.

Прокурорлық тексеріс тек тиісті шағымдар түссе ғана жүргізіледі. Ал басқа тексерістер үшін төмендегідей негіздемелер болуы шарт: азамат өзінің құқықтарын қорғай алмаса, шектелмеген тұлға топтарының құқықтары бұзылғанда, адам өміріне және денсаулығына, экономикаға, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төнгенде, тараптар арасында дау шыққанда немесе бақылаушы және қадағалаушы орган шешіміне қарсы шағым түскенде.

Осының арқасында прокурорлар мақсатты түрде жұмыс істейді. Тексерістер Мемлекет басшысы мен Бас прокурордың тапсырмасымен де жүргізіледі. Бас прокурордың орынбасары атап өткеніндей, тексерістер бір ай мерзімде жүргізіледі. Кейбір жағдайларда тағы бір айға создырылуы ықтимал. Енді прокурор заңды күшіне енбеген сот актілеріне қатысты наразылық енгізе алмайды. Бұл сот процесінің қатысушыларын тең жағдайда қалдыруға сеп болады. Азаматтық процестерге прокурорлардың қатысуы азайтылды.

Соңғы жаңалықтар