Сенат бекіре тұқымдас балық түрлерін аулаудың бүкіл үдерісіне мемлекеттік айрықша монополия енгізуді ұсынды

None
None
АСТАНА. Қазанның 22-cі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылап, құжатты Мәжіліске қайтарды,

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш құжат Елбасының жолдауларын және Үкіметтің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың жалпыұлттық жоспарына сәйкес әзірленген. Жобаның негізгі мақсаты балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауды, олардың өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды құқықтық жағынан қамтамасыз ету болып отыр.

Осы ретте, құжатта балық шаруашылығының қарқынды және жан-жақты дамуын қамту мақсатында, сондай-ақ балықты жасанды түрде өсірудің нормаларын реттеу мен балықтардың қырылуына қарсы шаралар көзделеді. Бұнымен қоса жобада ең бастысы табиғи ортадан алынған бекіре тұқымдас балықтарды сатып алуға және олардың уылдырығын қайта өңдеу және сатуға мемлекеттік монополия енгізу қарастырылған болатын. Бұл Елбасының тапсырмасына сәйкес, Каспий қорықтық аймағының экожүйесін және биологиялық алуан түрлілігін сақтау қажеттілігіне байланысты жүзеге асырылады.

Жобаны талқылау барысында сенаторлар бірқатар түзетулер енгізді.  Мәселен, жоғары палата депутаттары жануарлар дүниесі нысандарын алып қоюға арналған квотаны бөлу тәртібін Үкіметтің құзіретіне берген жөн деп санайды. Бұдан басқа, Сенат ұсынған өзгерістер бойынша балықтың бекіре тұқымдас түрлерін аулаудың бүкіл үдерісіне, уылдырығын, сондай-ақ басқа да өнімдерін өңдеу мен өткізуге мемлекеттің айрықша монополиясын белгілеу қарастырылады.

Яғни, сенаторлар Мәжіліс жобасында мемлекеттік монополияның көбінесе уылдырық мәселесіне қатысты болғанын алға тартып, аталған норма ауқымын кеңейтіп отыр.  

Соңғы жаңалықтар