Сенат Арменияның Үкімет басшысына байланысты құжатты қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2015 жылғы 6 желтоқсанда Арменияда конституциялық референдум өтіп, нәтижесінде президенттік басқару түрі парламенттік басқаруға өзгергені белгілі. Қабылданған өзгерістерге сәйкес, 2018 жылы сәуір айынан бастап Арменияның Премьер-Министрі елдің жоғары лауазымды тұлғасы болды», - деп еске салды ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов.

Атап айтқанда, Армения Премьер-Министрі өкілеттіктеріне сыртқы саясат мәселелері де жатады, сонымен қатар ол мемлекеттің қауіпсіздік кеңесін басқарады. Қарулы күштер Үкіметке бағынады. Армения Президентінде қазір шектелген өкілдік қызметтері бар. Бұл елде аяқталған саяси реформаны ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрамына мүше мемлекеттердің басшыларымен қатар, үкімет басшының кіруін реттеу мақсатында аталған хаттаманы Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп әзірледі.

«Осы заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар