Сенат алдағы 3 жылдық бюджеттің жобасын Мәжіліске жіберді

None
None
ТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заң жобасын талқылап, құжатқа бірқатар өзгерістер енгізілгендіктен оны Мәжіліске жіберді.

Алдағы 3 жылдық бюджетті қалыптастыруға қатысты негізгі көрсеткіштерге орай 2012 жылы мұнайдың әлемдік бағасының 1 баррелі 80 доллар, ал 2013-2016 жылдары 70 доллар деңгейінде болжанып отыр. Сонымен қатар 2012-2016 жылдардағы нақты жалпы ішкі өнім және экономика салаларындағы өсім 7 пайыздық деңгейді қамтамасыз ететін көрсеткіштерге сәйкес келеді. Инфляция деңгейі 6-8 пайыздық дәліз деңгейінде болжанған. Республикалық бюджет тапшылығы 2012 жылы 2,6 пайыз деңгейінде көзделсе, 2014 жылы мұны 1,3 пайыз деңгейінде немесе сәйкесінше 758,5 млрд. теңгеден 460,2 млрд. теңгеге дейін қысқарту жоспарланған.

Сонымен қатар республикалық бюджеттің шығыстары 2012-2013 жылдары 5,5 трлн. теңге, ал 2014 жылы 5,9 трлн. теңге шамасында айқындалған. Жалпы алдағы 3 жыл бойынша бюджеттің басым шығыстары бірқатар бағыттар бойынша айқындалған. Біріншіден индустрияландыру бағыты, екіншіден - әлеуметтік сала, үшіншіден - халықтың тұрмыс-жағдайын жақсарту, төртіншіден - өңірлерді дамыту, бесіншіден - мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мен мемлекеттік функцияларды іске асыру. Сондай-ақ, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін ескере отырып, қорғаныс қабілетін, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, құқықтық тәртіп мәселелерін арттыру шаралары жүзеге асатын болады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасын талқылау барысында сенаторлар заң жобасының негізгі параметрін өзгерткен жоқ, дегенмен бюджет шығысына қатысты бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұлар негізінен сумен жабдықтау жүйесін дамыту, Алматы қаласының метрополитені, «Балапан» бағдарламасы шеңберінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру ды қамтып отыр.

Соңғы жаңалықтар