Сенат: Ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебіне қатысты құжат Мәжіліске қайтарылды

None
None
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сенаторлар жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің  қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталмыш құжат Сенатта бірінші оқылымда мақұлданған. Алайда заң жобасын талқылау мен оны екінші оқылымға әзірлеу барысында оған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындаған. Осыған байланысты депутаттар құжатты Мәжіліске қайтару қажет деп шешті. Заң күшіне енетін болса, Азаматтық кодекс пен Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне тиісті толықтырулар енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар