Сенат әкімшілік реформа жөніндегі конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасы мен ілеспе құжат бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтің айтуынша, аталған заң жобалары өкілеттіктерді ажыратудың мынадай қағидаттарының негізінде дайындалған:

- Үкіметтен орталық мемлекеттік органдарға салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру жөнінде;

- орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде;

- жергілікті атқарушы органдардың облыстық деңгейінен аудандық деңгейге халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жөнінде өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша.

Ал Конституциялық заңның жобасында:

- Премьер-Министр Кеңсесінің Үкімет Аппаратына трансформациялауына;

- Мемлекет Туы мен Елтаңбасының эталондарына;

- инвестициялық саясат пен мәдениетті, білім беруді және басқа да салаларды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша Үкіметтің құзыретін алып тастауға қатысты өзгерістер енгізіледі.

Екінші заң жобасы бойынша 167 заңнамалық актіге, оның ішінде 13 Кодекске және 154 заңға түзетулер қарастырылған.

Жалпы 513 функцияны басқару деңгейлері арасында қайта бөлу көзделген.

«Бұл ретте Үкімет деңгейінен орталық мемлекеттік органдарға 487 функция беріледі. Орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға 24 функция беріледі. Негізінен әлеуметтік, жастар саясаты, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығы салалардағы мемлекеттік саясатты iске асыруға бағытталған өкілеттіктер. Орталық мемлекеттік органдардың арасында 2 функция қайта бөлінеді. Бұдан басқа, заң деңгейіндегі 242 функция алынып тасталып, мемлекеттік органдардың ережелерінде белгіленеді. Бұл ретте қайталанатын және құқықтық жүктемесi жоқ Үкіметтің 132 функциясы, Парламенттің 3 функциясы алып тасталады», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар