Сенат: Әбу-Даби Плаза кешеніне қатысты заң жобасы қабылданды

None
None
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы, Астана қаласындағы Әбу-Даби Плаза кешенінің құрылысына қатысты келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Отырыс барысында аталмыш құжатқа қатысты баяндама жасаған Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешовтің сөзіне қарағанда, заң жобасы Астанада көп салалы Әбу-Даби Плаза кешенін салу барысында салықтық және кедендік жеңілдіктер жасау шараларын қарастырады. «Аталған кешеннің құрылыс жұмыстары биыл басталады. Ал оның инвестициялық құны 1 миллиард АҚШ долларынан асады. Бұл жоба ірілігі жағынан әлем бойынша 14-ші орынды иемденеді деп жоспарлануда. Кешен 88 қабаттан тұрады. Оның биіктігі 400 метрге жуықтайды. Егер жоба сәтімен жүзеге асатын болса, ол Астанадағы әсем ғимараттардың біріне айналады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар