Сенат 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға түзету енгізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенатта Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт пен республикалық бюджет туралы ҚР Заңына өзгеріс енгізу заңнамасы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Президент тапсырмаларын орындауға 1,8 трлн теңге, әлеуметтік шығыстар мен теңге бағамына – 173 млрд теңге, бағдарламалық құжаттар мен шұғыл міндеттемелерге – 476 млрд теңге қарастырылғанын айтқан еді.

«Биылға арналған республикалық бюджет параметрлері келесідей қалыптасты. Бюджет түсімдері 2,7 трлн теңгеге ұлғайып, 15,8 трлн теңгені құрайды. Тапшылық жалпы ішкі өнімге 3,3% деңгейінде сақталды. Республикалық бюджет шығыстары 18,8 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр. Шығыстардың қосымша ұлғаюы 2,7 трлн теңге болады және бірнеше басым бағыттарға көзделген», - деді Қаржы министрі Сенат отырысында.

Сондай-ақ, бюджеттің жалпы шығыстарының 46%-ы әлеуметтік салаға бағытталып отыр.

«Әлеуметтік блок шығыстары 581 млрд теңгеге ұлғайтылды және 8,6 трлн теңге немесе бюджеттің жалпы шығыстарының 46%-ы деңгейінде жоспарлануда. Қосымша қаражат әлеуметтік төлемдерді индекстеуге, медициналық көмек көрсетуге, еңбек нарығын дамытуға және жастарды қолдауға бағытталатын болады», - деді Е. Жамаубаев.

Министрдің айтуынша, күш құрылымы шығыстары 446 млрд теңгеге өсіп, 2,2 трлн теңге сомасында жоспарланған.

«Жалпы көзделген шығыстардың 30%-ке жуығы нысаналы трансферттермен өңірлерге берілетін болады. Олардың жалпы сомасы 818 млрд теңге болса, оның ішінде дамуға арналған трансферттер – 475 млрд теңге. Нақтылауды ескере отырып, өңірлерге республикалық бюджеттен жалпы шығыстардың 5,5 трлн теңгеден астамы немесе 29,3%-і бағытталатын болады», - деді Е. Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар