Семсерлесуден Қазақстан кубогы: командалық сындағы жеңімпаздар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан семсерлесуден Қазақстан кубогында семсерден жекелей және командалық сындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында Түркістан облысының өкілі Татьяна Приходько топ жарды. Ол финалда Анастасия Гуликтен (Қарағанды облысы) басым түскен. Үшінші орында Әйгерім Сарыбай (Алматы) және Елизавета Смирнова (Алматы).

Ерлер арасындағы командалық бәсекеде Алматы-1 командасы жеңіске жетсе, екінші орынды Қарағанды облысы иеленді. Үшінші сатыда Алматы-2 және Алматы-3 командалары орналасқан.

Әйелдер арасындағы командалық сында Алматы қаласының командасы бірінші орын иеленді. Екінші орында Қарағанды облысы, үшінші орында Түркістан облысы мен Алматы-2 командалары.

Айта кетелік, ерлер арасындағы жекелей сында Бақдәулет Құралбекұлы алтын жүлдегер атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар