Семсерлесуден Азия чемпионатында қазақстандықтар жүлдегер атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, Тамара Почекутова, Айгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходькодан құралған Қазақстан әйелдер құрамасы  аталған турнирдің ширек финалында әлем біріншілігінің қола жүлдегері жапон қыздарын ұтты. Алайда, жартылай финалда қыздарымыз әлем кубогы кезеңдерінде жүлдегер атанып жүрген Қытайдан ұтылып қалды. Сонымен, үшінші орын үшін таласта Қазақстан құрамасы Гонконг құрамасын жеңіп, қола жүлдені қанжығаларына байлады.

Айта кетейік, осыған дейін шпагашы Дмитрий Алексанин күміс жүлде жеңіп алған еді.

Соңғы жаңалықтар