Семсерлесуден Азия чемпионатында ел қоржынына екінші күміс жүлде түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында қазақстандық шпагашылар күміс жүлдеге  қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҰОК-баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимовтан тұратын біздің құрама алғашқы айналымда Таиландты 45:25 есебімен ұтса, екінші кезеңде Гонконг құрамасын 45:41 есебімен жеңді.

Ал жартылай финалдық бәсекеде әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Оңтүстік Корея құрамасын 45:39 есебімен тізе бүктірді. 

Өкінішке қарай, алтын үшін айқаста Қазақстан құрамасы қытайлықтардан бір ұпай айырмасымен, 45:44 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, ел қоржынына Азия чемпионатының тағы бір жүлдесі түсті. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Дмитрий Алексанин шпагадан күміс жүлде иеленсе, сабляшы қыздар чемпионаттың қола медаліне қол жеткізгені туралы жазған болатынбыз.  

Соңғы жаңалықтар