Семсерлесуден әлем кубогына кімдер қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Берн қаласында семсерлесуден өтетін әлем кубогының кезеңінде ел намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық  олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда семсерлесуден Қазақстан құрамасы Мәскеуде жаттығып жатыр. Біздің команда Ресей, Қытай және Венесуэламен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Бернде жүлдеге таласатын қазақстандық шпагашылар тізімі:

Дмитрий Алексанин

Руслан Курбанов

Эльмир Алимжанов

Вадим Шарлаимов

Дмитрий Адайкин

Иван Дерябин

Ерлік Сертай

Еске сала кетейік, семсерлесуден Қазақстан құрама командасы Жакартадағы Азия ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Алексанин семсерлесуден жекелей сында Азиада чемпионы атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар