Семсерлесуден әлем кубогын қазақстандықтар сәтсіз бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Хайденхайм қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар әзірге жүлдеге іліккен жоқ, деп хабарлайды Olympic.kz.

Семсерлесушілер сынында ең жоғары нәтижені Дмитрий Адайкин көрсетті. Ол 30-шы орын иеленген. Азиада чемпионы Дмитрий Алексанин 34-ші орында.

Иван Дерябин 74-ші, Руслан Курбанов 92-ші, Вадим Шарлаимов 124-ші, Эльмир Алимжанов 225-ші сатыда қалған.

Шпагашылар додасында франциялық Александр Бардене чемпион атанды. Күміс жүлде италиялық Давиде Ди Веролидің еншісінде. Қола медальді ресейлік Георгий Бруев пен жапониялық Коки Кано жеңіп алған.

Соңғы жаңалықтар