Семсерлесуден 2021 жылғы әлем чемпионаты кейінге ауыстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық семсерлесу федерациясы 2021 жылы Египетте өтетін әлем чемпионатын кейінге шегерді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлемдік доданың кейінгі шегерілуіне Токиодағы Олимпиада ойындарының 2021 жылға ауыстырылуы себеп болған.

Египет тарапы әлемдік доданы 2022 жылы қабылдауға дайын екендігін жеткізді.

Айта кетелік, семсерлесуден 2021 жылғы әлем чемпионатын Египетте өткізу туралы шешім 2019 жылы Лозаннада өткен FIE конгресінде қабылданған болатын.



Соңғы жаңалықтар