Семсерлесу: Әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасындағы әлем кубогі кезеңдері басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, шпагашы ерлер бәсекесі Парижде жалауын желбіретсе, ал қыздар арасындағы дода Дубай төрінде түндігін түрді.

Парижде өтіп жатқан шпагашылар додасына Дмитрий Алексанин, Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Иван Дерябин, Вадим Шарлаимов, Дмитрий Адайкин, Ерлік Сертай бастаған спортшылар аттанған болатын. Бұлардың арасында командалық турнирге қатысатын төрт спортшы жекелей сын аяқталған соң арнайы таңдап алынады.

Ал Дубайдағы әйелдер арасында өтетін сында Қазақстан намысын Ульяна Балаганская, Әсел Әлібекова, Тамила Муридова және София Николайчук қорғамақ.

Соңғы жаңалықтар