«Semser» әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Мәдениет» порталы ұйымдастырған жастар арасындағы республикалық «Семсер» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хбарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазылар алқасының шешімі бойынша Гран-При белгілі ақын Ақберен Елгезекке берілді. Сонымен қатар, бас демеуші - ERG компаниясының өкілдері ақынға сақтардан қалған ақ семсерді табыс етті. Үздік проза атылымына қазылар алқасының шешімімен Нұрлан Хавдай мен Қанат Тілеухан лайық деп табылды. Үздік поэзия аталымында Марлен Мәлікұлы мен Қуаныш Оспан жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Үздік сын аталымы бойынша Айнұр Найманбай мен Бағашар Тұрсынбай лауреат болды.

Мағжан Жұмабаев атындағы арнайы жүлде мен «Semser» әдеби сыйлығы Олжас Қасымға, Саттар Ерубаев атындағы арнайы жүлде мен мен «Semser» әдеби сыйлығы Мирас Мұқашқа, Сағат Әшімбаев атындағы арнайы жүлде мен «Semser» әдеби сыйлығы Тұрсынбек Башарға тапсырылды.

Мұнан бөлек, «Мәдениет» порталы өз атынан арнайы жүлделермен жас қаламгер Айсұлу Жолтайқызын және «Ұлттық ой-сананы типажда бейнелеудегі суреткерлік шешім» атты сын мақаласы үшін Досбол Исламды, ең көп оқылған автор ретінде Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлықпен Ақмарал Талпақованы марапаттады.
null

Салтанатты кешке ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Алдан Смайыл, жазушы-философ, белгілі ғалым, академик Ғарифолла Есім, Халықаралық спорт журналистері қауымдастығының лауреаты, жазушы Несіп Жүнісбаев, ақын Сұраған Рахметұлы, жазушы Жолтай Жұмат-Әлмашұлы, әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, ақын Бауыржан Қарағызұлы және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Биылғы «Жастар жылына» арналған байқау ережесіне сәйкес, онлайн өткен бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам шығарма түскен. Соның ішінен 220-дан астам жас қаламгердің шығармалары талапқа сай деп танылып, порталда жарияланған. Байқауда 45 жасқа дейінгі қаламгерлер арасынан өзіндік стилін қалыптастырған, өз оқырманы бар танымал ақын-жазушылармен қоса, әдебиет айдынына енді қанат қаққан жас таланттар да бақтарын сынады.
nullnull null null null null null null

null

Соңғы жаңалықтар