Семіріп кеткен кірпі диета ұстап, фитнеспен шұғылдануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семіздікке адамдар да, тіпті, кірпілер де шалдығады. Көлемі футбол добындай болып семірген тікенді жануардың бірін арыту үшін оған аз тамақ берілуде, әрі ол мәжбүрлі түрде фитнеспен жаттығуда.

Ангиляның Уилкшир графтығындағы тәлімбақта тұратын Хогзилла (ағылшынша кірпі деген сөзден және Годзилла атауынан құрастырылған) есімді кірпінің семіргені соншалық, қорғану үшін домалана алмайтын халге жетті. Бір жағынан, бұл күлкілі, кірпі алдағы уақытта жабайы табиғатқа жіберу көзделгендіктен, ол кез келген жыртқыштың жеңіл азығына айналуы мүмкін.

Ходзилланың салмағы шамамен 1,7 келі, бұл кәдімгі кірпінің орташа салмағынан үш есе артық.

Ходзилланы бұрынғы иесі күшікке арналған азықпен тамақтандырған, әрі тамақ салынған табақ кірпінің жанында тұрғандықтан ол көп қозғалмаған.

Тәлімбақта бұл жағдайды өзгертуге тырысып жатыр. Енді Ходзилла өте үлкен торда өмір сүреді. Жатын орны мен ас салынған табағы алыс орналастырылған. Оның қарны ашса азығына дейін біраз жер жүруі керек. Тәлімбақ қызметкерлері осылайша кірпіні арықтатуды көздеп отыр. 

Соңғы жаңалықтар