Семинарда жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтар талқыланды - Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында енгізілетін оқу бағдарламалары мен 3,6,8 сынып оқулықтарын таныстыру мақсатында республикалық семинар өтуде, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 31 қазандағы  «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» №556 бұйрығына сәйкес оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендерді сынақтан өткізуді әдістемелік сүйемелдеу мақсатында аймақтарда педагогтар қауымын 3, 6 және 8- сыныптарға арналған оқулықтардың тұжырымдамасымен , құрылымы және мазмұнымен таныстыру шаралары іске асырылуда. 

 Осы мақсатта облысқа екі күндік сапармен «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова , Назарбаев зиткерлік мектептері  дербес білім беру ұйымдары Білім беру бағдарламалар орталығының бөлім басшысы Жаңабай Абуов, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім институтының директоры Қайыржан Рахымжанов  және «Атамұра», «Мектеп», «Алматы» «Кітап», «Жазушы», «Білім», «Арман ПВ»,  «Көкжиек горизонт», «Келешек-2030» НЗМ, «MACMILLAN» «EXPRES»  «CAMBRIDG» «ОXFORD» баспаларының   республика бойынша 70-ке жуық оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендердің және оқу құралдарының авторлары келді.
null

Аталған шараға облыс бойынша 500-ге жуық білім саласының маманы, әдіскерлері, тиісті пән мұғалімдері қатысып, келер оқу жылында білім беру ұйымдарына «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында енгізілетін оқу бағдарламалары мен 3,6,8 сынып оқулықтарын талқылауда.

Бүгінгі күн - білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Осыған орай, қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформа барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға бағытталған. Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі - бүгінгі күн талабы.

Жаңартылған білім мазмұны негізінде дайындалған үлгілік оқу жоспарына 2016-2017 оқу жылында бірінші сыныптар, биылғы оқу жылында 2,5,7-ші сыныптар көшсе, келесі оқу жылында 3,6,8-сыныптар оқытылатын болады. 

Елімізде жаңартылған оқу бағдарламаларын әзірлеу және сынақтан өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Республика бойынша 30 пилоттық мектеп сынақтан өткізілсе, облыс бойынша 2 мектеп қатысып, биыл балалар 3-сыныпқа өтті.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың негізгі бағыты -  білім мазмұнын бағалау және оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптау арқылы білім беру сапасын қамтамасыз ету. Семинарда бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру пәндері бойынша оқу бағдарламаларының таныстырылымы болады. Сондай-ақ типтік оқу бағдарламаларын әзірлеушілер, баспа үйінің авторлық өкілдері -оқулықтардың авторларымен 17 пән бойынша секция жұмыстары өткізіледі.

Еске сала кетейік, Елбасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінің бірнеше қадамында білім саласы мәселелерін шешуге арнаған болатын.
null

Ондағы 76-қадамда:  ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу айтылды. Сондай-ақ, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту мәселесі көтерілді. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру міндеті қойылды. Мұнан өзге79-қадамда:  Білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Даярланатын кадрлардың қабілетін арттыру және білім беру секторының әлеуетін көтеру жайы қозғалған еді.

Соңғы жаңалықтар