Семейліктің көлігіндегі бокс тұлыбынан марихуана табылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейлік полицейлер қалаға ірі мөлшерде есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері Семей қаласына есірткі заттарын заңсыз жеткізу және өткізуді жүзеге асыратын қылмыстық істің фигуранттарын анықтап, ұстады. Наурыз айының басында үш адам ірі мөлшерде өткізуге арналған есірткі алғаны белгілі болды.
Кейін Семей қаласынан шыға берісте 27 жастағы күдікті ұсталды. Оның көлігін тінту кезінде жүксалғыштан бокс тұлыбы табылды. Оның ішінде жасыл түсті шөп болған.
Жүргізілген сараптама шөптің салмағы 44 келіден асатын кептірілген марихуана екенін көрсетті. Сол күні Семей қаласында 28 жастағы күдікті ер адам ұсталып, оның машинасын тінту барысында 555 доза (2,7 келіден астам) есірткі заты табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта 1989, 1991 және 1992 жылғы үш күдікті ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы іс бойныша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы «Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды.
- Семейде полицейлер 4 адамды өрттен құтқарды
- ШҚО-да қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылды
- Төлеби ауданында тұратын келіншек 18 жыл азаматтық ала алмай келген
- Бұрынғы әйелінің мазасын алғаны үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді – ШҚО
-
Елордада тіркелген қылмыстардың саны 30 пайызға қысқарды
-
Есірткіге елтіген көлік жүргізушісі жолаушы тасымалдаған - СҚО
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам