Семейліктерге гуманитарлық көмек жиналып жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жиналып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуге шақырды. Көмек қолын созуға ниеті бар тұрғындар азық-түлік, киім-кешек пен төсек жабдықтарын партияның қабылдау бөліміне әкеліп тапсырса болады. Жиналған дүниелер су тасқынынан зардап шеккен Бобровка, Мұрат, Мирный кенттері мен Затон, Түйемойнақ аралы аудандарының тұрғындарына үлестіріледі.

Қабылдау бекеті Семей қаласы, Чайжүнісов көшесі, 138, «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы ғимаратында орналасқан.

«Барлық бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына көмек көрсету туралы хат жолданды және әлеуметтік желі, БАҚ арқылы хабар тараттық. Гуманитарлық көмек 29 наурыздан басталды. Қазірде қала тұрғындары қолдарынан келгенше жерлестеріне көмектесуге тырысып жатыр. Күн сайын көмек келіп жатыр. Барлығы зардап шеккендерге берілетін болады»,-дейді «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Жұмаділов.

Соңғы жаңалықтар