Семейліктер «Бейбітшілік» аралын қоқыстан тазартты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында тоғыз мыңнан астам тұрғын #Birgе - #TazaQazaqstan экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Акция барысында Семейдің «Бейбітшілік» аралы мен Мирный кенті қоқыстан тазартылды.

«Шараға жергілікті атқарушы билік өкілдері, депутаттар, мекеме қызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар қатысып жатыр. Ортақ мақсат-қоршаған ортаны таза ұстау және табиғатты құрметтеу», - деді Семей қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев.

Жиналған қоқыстар оның ішінде шыны бөтелкелер мен пластиктер арнайы қатты тұрмыстық қалдықтарды өндейтін полигонға жіберіліп, қайта өңделеді.

Айта кетейік, экологиялық акция Семейде әр сенбі сайын өткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар