Семейлік жастар Президент сайлауына қолдау білдірді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде "Біз жарқын болашақ үшін дауыс береміз" атты жастардың диалогтық алаңдағы пікірталасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пікірталасқа қаладағы жастар ұйымдарының көшбасшылары мен ерікті жастар қатысты. Шара мақсаты - жастар арасында Президент сайлауыналдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сайлау учакелерінде қалай дауыс беру керек екенін түсіндіру.

Ағымдағы жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастамаға қолдау білдірген жастар пікірталас алаңында ойларын ортаға салып, саяси шешімді қол­дайтындарын жеткізді. "Нұр Отан" партиясы жанындағы " Жас Отан" жастар қанатының ШҚО Семей қалалық бөлімшесінің жетекшісі Алмас Айтмұқаш жиында сөз алып, "Нұр Отан" партиясының сайлау кезіндегі жұмыстары туралы ақпарат берді.

"Маңызды оқиғаның мәні туралы пікірталасқа 120 жас қатысты. Үш спикер жиналған жастарға сайлау жөнінде ақпаратты жан-жақты айтып беруге тырысты. Жастар ел болашағы. Сондықтан елімізде болып жатқан маңызды оқиғалардан жастар шет қалмайды. Мүмкіндігімізше көмектесуге дайынбыз", - деді Алмас Айтмұқаш.

Пікірталас соңында жастар ел Президентінің Үн­деуін зор түсіністікпен қабылдап, қолдайтындықтарын айтты. Жəне қала тұрғындарына сайлау жөнінде ақпараттық хабарламалар таратып, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттардың сайлауға қатысуына көмектесетіндерін айтты.

Соңғы жаңалықтар