+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Семейлік жастар бал биі бойынша халықаралық турнирді жеңіп алды

2020 жылғы 13 наурыз 10:25
Бөлісіңіз:
Семейлік жастар бал биі бойынша халықаралық турнирді жеңіп алды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейлік бишілер жақында Мәскеуде өткен «European Artistic dance Championship» спорттық бал билері бойынша халықаралық турнирдің жеңімпаздары атанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды Өскеменде коронавирус жұқтырған зейнеткермен 198 адам байланыста болған Роза Рымбаева көпшіліктің сұрауымен онлайн режимдегі екінші концертін ұсынады

Турнирге Ресей, Беларусь, Грузия, Армения, АҚШ, Франция, Чили, Словения, Польша, Греция, Украина, Македония, Бельгия, Швеция, Черногория, Чехия, Хорватия және Италияның төрешілері мен жас бишілері қатысты.

Қазақстан намысын қорғауға Анна Островскаяның жетекшілігімен «МиксДанс» би және спорт клубының тәрбиеленушілері аттанған. Cайыс қорытындысына сәйкес семейлік Ислана Нұртазина ча-ча-ча және самба бойынша Еуропа чемпионы, сондай-ақ баяу вальстен қола жүлдегер атанды. Айдана Бағдатова ча-ча-ча және самбадан күміс жүлдегер, Камила Итжанова ча-ча-ча, самба, джайв және румбадан (ең ұзақ және ең қиын санат) Еуропа чемпионатының финалисті атанды.

Семен Берков пен Иннар Амирханов та өз нәтижелерімен таңқалдырды. Олар ча-ча-ча, самба және баяу вальстен Еуропа чемпионатының жартылай финалына дейін жеткен.

«Балаларымыздың, олардың ата-аналарының және жаттықтырушыларының үлкен еңбегінің арқасында ең беделді турнирлердің бірінде еліміздің туы желбіреді. Қуаныштан көзімізге жас алдық. Біз оларды мақтан тұтамыз!», - дейді би және спорт клубындағылар.

Айта кетейік, Анна Островская Мәскеуге барған сапарында би спорты конгресіне қатысып, халықаралық дәрежедегі төреші мәртебесін алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT