Семейлік жас жұбайлар той орнына жетім балаларға тарту жасады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейлік жас жұбайлар Нұрсұлтан Назарбаев пен Алтынай Иса үйлену тойларын қайырымдылық шарасына алмастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жас жұбайлар өміріндегі ұмытылмас күндерін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арнады. Олар қала сыртындағы «Орбита» лагеріне барған. Күйеу жігіт пен қалыңдық осылайша мейрамханада дүркіретіп той жасап, лимузин жалдап  мінгеннен гөрі сауапты іске мұрындық болғанды жөн  көріпті. Тіпті Алтынай қалыңдық көйлегі мен желек те сатып алмаған.  Бұл ой жастарға қыз бен жігіт болып жүргенде  келген екен. Ол кезде студент болатын. Араға 7 жыл салып, қос ғашық отбасылы болуға шешім қабылдаған уақытта ойларын жүзеге асырған. Екі жақтың ата-анасы да жастардың ұсынысына қолдау білдіріп, қарсылық танытпаған.  

«Ата-аналарымыз қарсы болған жоқ.  Әрине, той жасауға жағдайымыз жетеді.  Бірақ біз бірнеше сағаттық той-думаннан гөрі өзгеге пайдамыз тиетін қайырымдылық іс жасағымыз келді. Себебі, көпшілігі мұндай жасай бермейді. Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқандардың риясыз күлкілерін естігенде нағыз бақыттың не екенін түсіндік»,-дейді Нұрсұлтан.
null

Жас жұбайлар 114 балаға мерекелік дастархан жайып, 3 сағатқа аниматорларды жалдап, балалардың көңілін көтеру үшін арнайы ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырған. Және 5-17 жас аралығындағы балаларға аяқ киімдерді сыйға тартты.

Дүркіреген той болмаса да қалыңдықты қазақтың салт-дәстүрімен ұзатып алған. Құдалық, сырға салу, отқа май тамызу сынды дәстүрлер орындалып, мешітте некелерін қидырған.  Ал кешкісін тек ата-ана, туған-туыстың басын ақ дастархан басында қосып, атап өткен. 

Бүгінде Нұрсұлтан әскери салада, жары есепші болып жұмыс істейді. Тіпті олардың қайырымдылық шарасы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсетінін күтпегенін айтады. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар