Семейлік зейнеткер Шығыс Қазақстандағы сағаттық белдеуді өзгертуді ұсынды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейлік зейнеткер Ростислав Польковский Шығыс Қазақстан облысындағы сағаттық белдеуді өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осындай ұсынысты ол аймақ басшысы Даниал Ахметовке жолдаған.

«Өңір тұрғындары өз уақыт белдеуінде тұрып жатқан жоқ. Жаздың күні сағат 21:00-де қараңғы түсе бастайды. Балаларды үйге кіргізіп, жарық қосамыз. Ал сағат 04.00-де күн шығып, оның адамға пайдасы мол сәулесі түскенде біз ұйқыда жатамыз. Ал таңертең сағат 9.00-да, базарда істейтін халық 10.00-да жұмысқа жол тартқанда күн қатты ысып кетеді», - деп жазады Ростислав Польковский.

Зейнеткер сағат тілін бір сағатқа алға жылжытуды ұсынып отыр. Оның айтуынша, уақыт белдеуін өзгерту облыс жұртшылығының денсаулығын жақсартып, электр қуатын үнемдейді.

«Бұған Шығыс Қазақстанның миллионнан астам тұрғыны риза болады. Ал Өскемен, Алтай және басқа да қалалар мен елді мекендер осыдан да қиын жағдайда өмір сүріп жатыр. Өйткені онда күн Семейден де ерте батады», - дейді Р. Польковский.

Семей тұрғыны қалалық мәслихат депутаты Гүлжанат Рахатқызына осындай ұсыныспен жүгінген болатын. Қазіргі уақытта хат облыс әкімі Даниал Ахметовке жолданды.

Айта кетейік, бүгінде Семейде күн 7:45-те, Өскеменде 7:35-те, елордада 8:22-де шығады. Яғни, бір сағатқа жуық айырмашылық бар.


Соңғы жаңалықтар