Семейлік өз әйелінің атынан жасырын 3 кредит алған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы Затон полиция бөліміне алаяқтықтың құрбаны болдым деп бір әйел арыз жазған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол «Money man», «Честное слово» мен «Вики» арқылы өзінің атынан белгісіз біреулер 538 мың теңге онлайн шағын несие ресімдеп алғанын үшін шағымданған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері алаяқты бірден ұстады. Анықталғанындай, несиені әйелдің 31 жастағы азаматтық некедегі күйеуі ресімдеген. Ол өзімен бірге тұратын әйелдің құжаттар реквизиті мен банк картасының нөмірі арқылы алаяқтық жасаған», - деп хабарлайды басқармадан.

Қазіргі уақытта аталмыш факт бойыша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар