+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Семейлік оқушылар нысандарды жылытудың тың әдісін ұсынды

2018 жылғы 23 ақпан 12:23
Бөлісіңіз:
Семейлік оқушылар нысандарды жылытудың тың әдісін ұсынды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Үйлер мен ғимараттарды, әлеуметтік маңызы бар нысандарды таза экологиялық энергия көзі арқылы жылытуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұны Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Нұржан Бөдес пен Жансая Қанағатова дәлелдеді. Осылайша олар күнделікті қолданыстағы көмір, электр, сұйық отынның орнын аз мөлшердегі тоқпен алмастырды.

«Біз «Жартылай өткізгіштерді тұрмыста қолдану» тақырыбындағы жобамен соңғы бір жарым жылдан бері физика пәнінің мұғалімі Замира Мамадилованың жетекшілігімен айналыстық. Республикалық сайыста осы жобаны отандық физика саласының ғалымдары алдында дәлелдеп, сәтті қорғадық. Қазір әлем назары болашақтың энергиясына ауып отыр. Демек, біздің жоба ең өзекті мәселенің жаңа бір шешімін тапты десек артық айтпаймыз. Ендігі жоспарымыз осы жобамызды жетілдіріп, іске қосу, яғни қолданысқа енгізу», -дейді қос шәкірт.

Қос шәкірт өз жаңалықтарын көпшілікпен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысында бөлісті. Алматы қаласында өткен сайыс «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен өтті. 4 бағыт бойынша өткізілген сайыстың соңғы кезеңіне 700-ден астам оқушы қатысып, 592 ғылыми жұмыстар көрсетілген.

null

Өндіріске тың жаңалық енгізуге талпынған Нұржан мен Жансаяның жаңалығы қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, республикалық сайыстың ІІ дәрежелі дипломы мен күміс медалі табысталды.

null

Шынар Ғалымбекқызы

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бағым Ғалымбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT