+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Семейлік  оқушылар домбырашы робот құрастырды

2019 жылғы 7 қараша 12:42
Бөлісіңіз:
Семейлік  оқушылар домбырашы робот құрастырды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі Бақытбек Орынбаев пен оқушылар Мирас Мұратқанов, Нұрбол Мақтаев домбырада ойнай алатын робот құрастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат білім ошағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби музыкалық шара өтті Қарағандылық әскерилер #Аbai175 челленджін қолдады Семейде Абайдың мерейтойына орай жаңа спектакль қойылмақ

Өнертапқыштар бұл еңбектерін Абайдың 175 жылдығына арнап отыр.

«Әр оқу жылы басталарда алдымызға мақсат қоямын. Ортақ ойымыз жаңа бір туындыны жасап, құрастыру арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа еліту, олардың қызығушылығын арттыру. Роботқа домбырамен күй тарттыру идеясы біраз уақыт ойда жүрді. Сәті осы уақытта түсіп отырған жобаны жүзеге асыруға толық 1 ай уақыт жұмсадық. Алдымен роботты құрастырып, содан-соң олардың пернені басушы, ішекті қағушы сияқты әрбір бөліктерін жеке-жеке жасадық», –дейді Зияткерлік мектеп мұғалімі, жоба жетекшісі Бақытбек Нұрлыбекұлы.

Күйші роботты құрастырушылардың сөзіне қарағанда, бұған дейін осыған ұқсасы болған. Тек ол бір күйді орындаумен ғана шектелетін. Ал, мына жаңа құрылғы домбырадағы барлық пернені еркін басып, ішекті қалауынша қаға алу артықшылығына ие. Ал егер күйді орындауда қателіктер болса, онда пропорционалды дифференциалдаушы реттегіш арқылы өзі есептеп, реттеп отырады.

Робот домбырада күйді компьютерге енгізілген ноталар арқылы орындайды. Құрастырушылар күйдің орындалу жылдамдығын да қалауынша өзгертулеріне қол жеткізген. Енді қазірдің өзінде жоба дана Абайдың «Торжорға», халық күйі «Қара жорға» мен халық әні «Еркем-айды» орындай алады. Ұстаз бен шәкірттер өз туындыларының кез келген шығарманы нота арқылы орындауға қауқарлы екеніне сенімді.

Естеріңізге салсақ, Бақытбек Нұрлыбекұлы бұған дейін 2018 жылдың түлегі Әділ Ордаев есімді оқушысымен бірлесіп құлтемірге қара жорға билеткен еді. Енді міне тағы бір тың жаңалығымен жұртшылықты таңғалдыруда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT