Семейлік оқушылар 3 мың рубик текшесінен Әлихан Бөкейханның портретін жасады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семей қаласында оқушылар 3 мың рубик текшесінен Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның панно портретін жасап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қолға алынған бастамаға Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті мұрындық болып отыр.

«Бұған дейін «Қазақстан спидкубинг федерациясы» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің 9 мамырда мерген қыз Әлия Молдағұлованың портретін рубик текшесінен жасағанын көрген болатынбыз. Сөйтіп, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның портретін жасату жайлы ой туды. Бұндағы мақсат – Алаш ардақтысын өскелең ұрпаққа насихаттау, жастарға мессендж жасау», - деді университеттің гуманитарлық факультет деканының орынбасары Азамат Азатов.


Оның айтуынша, панно портретке 3 мың рубик текшесі кеткен. Салмағы – 450 келі, биіктігі – 3,4 метр, ені – 2,8 метр. 6 оқушы оны 8 сағатта жасап шығыпты.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде Шәкәрім Құдайбердіұлының бюсті ашылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар