Семейлік мемлекеттік қызметшілер түрмеде болып қайтты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшылары түзеу мекемесінде болып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұйымдастырған экскурсияның мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа барғандардың қалай жазаланатынын көрсету.

«Түрмеге қамалғандарың өмірімен таныстыру арқылы оларды бостандығы мен отбасын қадірлеуге шақырғымыз келді. Нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер болашақта сыбайлас жемқорлық жасаудан аулақ болады», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ренат Нәбиев.

Экскурсия аясында мемлекеттік қызметшілер түзеу мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысып, асхана, спорт залы, кітапхана және басқа да бөлмелерді аралап көрді. Сондай-ақ бір кездері сүрініп, қазір темір тордың ар жағында күн кешіп жатқандармен әңгімелесуге мүмкіндік туды.

«Жас мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін этика мен заңды қатаң сақтау керектігін айтқым келеді. Тек жұмысқа мән беру керек. Кезінде мен теріс қадам жасадым. Адвокат болып жұмыс істеп жүріп, біреуді бопсалағаным үшін 8 жылға сотталдым. Қамауда отырғаныма 3 жыл болды. Қылмыс жасағаным үшін әлі күнге дейін өкінемін. Сондықтан мемлекеттік қызметшілерге заңнан аттамау керектігін айтым келеді», - дейді түрмедегілердің бірі.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында осындай шаралар алдағы уақытта жалғасын таппақ.


Соңғы жаңалықтар