Семейлік қыздар аралас жекпе-жектен Азия чемпионатынан жеңіспен оралды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Таиланд астанасы Бангокта ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионатынан семейлік бойжеткендер жүлдемен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Сары құрлық үздіктері жиналған байрақты бәсеке, Қазақстан құрамасының жалпы есептегі жеңісімен аяқталды. Ұлттық құрама намысын қорғаған Шәкәрім университетінің студенті Талшын Жұматаева Азия чемпионы атанса, Қазақ иновациялық гуманитарлық-заң университетінде білім алатын Шынар Жүсіпова қола жүлдені қанағат тұтты.

«Спортқа бала күнімнен бері қызығамын. Оқу бітіргеннен кейін де спортта қалсам деген ойым бар. Осы спортқа деген қызығушылығым мықты қарсыластарға төтеп беріп, алға қарай жылжуыма мүмкіндік берді деп ойлаймын», - деді Азия чемпионы Талшын Жұматаева.null

Спортшылардың жаттықтырушысы Сансызбай Сайлдинов бұл нәтиже ШҚО ММА федерациясының жалпы жеңісі екенін атап өтті.

«Осы жарыста бізді қолдаған азаматтарға алғысымды айтқым келеді. Жаттығу үшін барлық жағдайлар жасалды. Осы қыздардың жеңісің көріп жаттығу залына көптеген жастар келіп жатыр. Алда болатын әлем чемпионатына тыңғылықты дайындық жүргізіп, ел намысын жоғары деңгейде қорғауға тырысатын боламыз», - деді С. Сайлдинов.

Азия біріншілігінде топ жарған Талшын Жұматаева енді ММА-дан Еуропа және Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, ШҚО спортшылары тарихта алғаш рет ММА бойынша Азия чемпионатынын жүлделеріне қол жеткізіп отыр.

Соңғы жаңалықтар