Семейлік қыз Тәжікстан азаматын 700 мың теңгеге алдап кеткен

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өзге елдің азаматына алаяқтық жасаған қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға Семей қаласында тұратын Тәжікстан Республикасының 30 жастағы азаматы жүгінген. Өз сөзінде ол дүкеніне келген бейтаныс қыздың сатып алған тауарына ақшаны мобильді банктік қосымша арқылы төлеймін деп алдап соққанын жеткізді.

«Белгілі болғандай, 21 жастағы қыз қыркүйек-қазан айлары аралығында жәбірленушіден жаңғақ пен кепкен жеміс түрлерін бірнеше рет алған. Алайда сол күйі ақшасын жібермеді. Осылайша, Тәжікстан азаматына 700 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген», - делінген ақпаратта.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар