Семейлік құтқарушыларға көмекке арнайы техникалар келді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде су тасқынынан зардап шеккен көшелер мен аулаларды құрғату қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгін өзге өңірлерден арнайы техникалар көмекке келді , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспаналарын су алған тұрғындарға Өскемен және  Павлодар облысынан арнайы 19 техника мен 10-нан аса адам көмекке келді.  Соңғы ақпараттар бойынша 50 тұрғын үй мен 21 аула әлі де су астында. Алдағы 2 күнде баспаналар мен аулалардағы суды айдау жұмыстары толық аяқталмақ.

 "Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өзге өңірлерден көмекке техникалар келді. Қазір жұмыс жасап жатыр. Атап айтсақ, 2 тікұшақ, 15 су айдағыш құрал Өскеменнен келді.  2 АЭС машина Павлодар облысынан",- деді  қалалық Азаматтық қорғаныс жедел-штабының ақпараттық қызметінің өкілі Мейіржан Амангелдиев. 

Қазір үйлерін су басқан 188 адам қонақүйде. Ал 190 тұрғын баспанасына оралған. Оларға келтірілген шығын көлемі анықталғаннан кейін қажетті көмек көрсетіледі. Арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Бүгін Ертістегі су деңгейі 265 сантиметр болып тұр.

Айта кетейік, жалпы қала бойынша бүгін 16 арнайы техника, 21 су айдағыш құрылғы мен 64 адам жұмыс істеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар