+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Семейлік көпбалалы отбасы баспанадан бас тартып, ауылға көшіп барды

2019 жылғы 3 желтоқсан 16:45
Бөлісіңіз:
Семейлік көпбалалы отбасы баспанадан бас тартып, ауылға көшіп барды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейлік көпбалалы ана Марал Жүнісова қалада ұсынылған пәтерден бас тартып, өз бизнесін дамыту үшін Шақаман ауылына көшіп барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей қаласының ақпараттық орталығынан мәлім еткендей, Жүнісовтар отбасында алты бала бар. Үлкен ұлы 14 жаста, ал кіші қызы – 1 жастан асқан. Алдағы жылы жанұя тағы толыға түспек.

Бірақ, осы жағдайына қарамастан, Марал Жүнісова қол қусырып отырар жайы жоқ. Бір ай бұрын отбасы Семей маңында орналасқан Шақаман ауылына көшіп барды. Өз атын атамауға тілек білдірген кәсіпкер жанұяға қора-қопсысы, ауласы бар үй сатып алып берген. Көпбалалы ана «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант ұтып, 20 тауық пен мұздатқыш сатып алған. Алдағы уақытта сиырларды да сатып алу жоспарында бар.

Осылайша, көпбалалы отбасы тұрғын үй кезегінен шығып, ауылға көшкен.

«Қалада жалдамалы пәтерде тұрдық. Суық мезгілде жиі көшкендіктен, балалар үнемі ауырып қалатын. Жолдасым табыс табады. Бірақ қаражат жетіспейді. Сондықтан өз кәсібімді бастауға бел будым. Көктемде аулаға картоп пен көкөніс отырғызатын боламыз. Мен отбасымды сүтпен және жұмыртқамен қамтамасыз ете аламын. Құрт пен май жасап, сатуға шығара аламын. Біз мемлекеттен үнемі көмек сұрай алмаймыз. Пәтер кезегінде шамамен сегіз жыл бойы тұрдық. Бірақ, үйден шықпай-ақ ақша табуға мүмкіндік бар екеніне көзім жетті. Әр көпбалалы ана үйде отырып та табыс көзін жасай алады. Егер тырыссаңыз, ауылда да бәрін жасауға болады», - дейді Марал.

Жақында ғана қоныс аударған Марал ауылға танымал бола бастады. Ол басқа да көпбалалы аналармен бірігіп, мұқтаж отбасыларға азық-түлік, киім-кешекпен көмектесіп жүр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT