Семейлік қайықтан құлап, көз жұмды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Демалыс күндері Семейде екі адам суға кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиғаның бірі 7 шілде күні Бобровка саяжайы маңында болған.  Ертісте шомылып жүрген  33 жастағы азамат белгіленбеген жерге суға түскен. Содан қайтып жағаға шыға алмаған.  Достарымен демалуға барған оған қасындағылар да қол ұшын созып үлгермепті. Кешкі сағат 17.40-та құтқарушылар хабар түскен соң оқиға орнына жеткен. Бірақ азаматтың денесі 8 шілде күні сағат 10.30-да 20 метр тереңдіктен табылды.

Дәл осы күні сағат 16:25-те Озерки ауылындағы  өзенге 45 жастағы Аягөз қаласының тұрғыны ағып кетті. Куәгерлердің сөзінше ол қайыққа отырып, өзенде жүріп қайтпақ болған. Бірақ абайсызда құлап кеткен.  Құтқарушылар марқұмның денесін 8 шілде күні сағат 15.10-да тапты.

«Суға түсу маусымы басталғалы Семейде 7 адам суға кетті.  Барлық қайғылы оқиға суға түскен уақытта қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан тіркеліп отыр.  Біз тұрғындар мен қонақтарды  су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтап, шомылуға рұқсат етілген жерлерде ғана демалуды сұраймыз»,-деді Семей қалалық суда құтқару қызметінің бас маманы Ринат Мұхтаров.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар