Семейлік кәсіпкер өңірлерде спидкубинг үйірмелерін ашуды жоспарлауда

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында Семейде демеушілердің қолдауымен бірқатар жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, ел болашағы саналатын жастарға қолдау көрсетіп, демеушілік танытып келе жатқан жеке кәсіпкердің бірі Арман Машимов, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арман бірнеше жылдан бері әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасап, қалада өтетін түрлі шараларға  демеушілік көрсетіп жүрген жандардың бірі. Жеке кәсіпкер халықтың әлеуметтік проблемаларын шешуді көздейді. 

2017 жылы Арманның демеушілігімен өзі білім алған Семей қаласының Шығыс кентіндегі № 12 мектеп жанынан стадион ашылды. Мұнда кент балалары үшін футбол, баскетбол алаңдары, жүргіру жолағы, секіртпе жол, турниктер бар. Бүгінде 100-ге жуық кент баласы футболмен айналысып, бос уақыттарын спортқа арнауда. Балалардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған алаң небәрі 3 айда салынып біткен. Ал стадионның жалпы құны 18 млн теңге. 

«Футбол алаңын ашуға маған достарым да көмектесті. Яғни, сыныптастарым, таныстарым, жолдастарым қолынан келгенше қолдау көрсетті. Стадионды салуға шамамен 18 миллион теңге жұмсалды. Оның 17, 5 миллион теңгесін мен қалғанын достарым берді. Стадион саламын деп айтқанда көпшілігі бос сөз деп қабылдады. Салынып болған соң, ашылуы салтанаты алдында стадионды келіп көрдім. Сол кезде кент балаларының футбол ойнап, тағы біреулері дене жаттығуларын жасап жатты. Сол кездегі олардың жүзіндегі күлкі маған ерекше қуаныш сыйлады»,  - дейді Арман.
null

Сонымен қатар Арман биыл рубик текшесін жылдамдықпен жинауданөткен халықаралық жарыстың Семей қаласында өтуіне ықпал етті.
Маусым айының 7-9 аралығында өткен біріншілікке Қазақстанның барлық өңірлерінен өзге Голландия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Ираннан  5 пен 39 жастағы  136 үміткер келді.  Жарыс WCA  әлемде спидкубингті дамытумен айналысатын коммерциялық емес ұйым бекіткен 18 тәртіп бойынша өтті. Жарыс барысында шетелден келген спидкубинг рекордшылар шеберлік сағаттарын өткізді.
Ал Арманға рубик текшесін құрастырудан жарыстарды ұйымдастыруға ұлы бастамашы болған екен. 2015 жылы ұлы Белоруссияда спидкубингтен өткен жарысқа қатысып, 10 жасында рекорд орнатыпты. Бірақ ол  елімізде неліктен осындай жарыстардың өтпейтінін айтқан. Содан кейін Арман спидкубингті елімізде дамытуды қолға алды.

«Өскелең ұрпақ үшін рубик текшесін құрастырудан әлемдік рекордтаршылармен бірге өнер көрсету маңызды деп ойлаймын. Және бұл спорт түрінен баланың қиялы дамып, есте сақтау қабілеті артады.  Сондықтан   өткен жылы Семей қаласы әкімдігінің, Білім бөлімінің қолдауымен қаладағы бірнеше мектепте үйірмелер аштық.  Рубик текшесін құрастырумен айналысатындардың саны артуда. Ал Қазақстан бойынша ең көп спидкубер Семейде тұрады», - деді ол.
null

Арманның негізгі  мақсаты - балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.  Сондықтан алдағы уақытта еліміздің басқа  өңірлерінде де спидкубингтен үйірмелерді ашуды жоспарлауда.null
nullnull

Соңғы жаңалықтар