+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Семейлік еріктілер қаланы қардан тазарту акциясына қатысты

2020 жылғы 24 қаңтар 19:00
Бөлісіңіз:
Семейлік еріктілер қаланы қардан тазарту акциясына қатысты

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері қаланы қардан тазарту акциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда тротуарларды қардан тазарту жұмыстары бақыланады Қар күреуге шамасы жоқ мұқтаж жандар болса, мекенжайын айтыңыздар, көмектесеміз - Көлгінов Елордада су тасқынына қарсы штаб құрылды

Бүгін Семейдегі Абай ескерткішіне іргелес аумақты қардан тазарту үшін 30-ға жуық ерікті шыққан. Олар бұдан бөлек, Восточный кентінде тұратын жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын тазартып берді. Игі акцияның ұйымдастырылуына Жастар ресурстық орталығы мұрындық болған.

– Қала бойынша мәдени маңызы бар жерлерді қардан тазарту акциясы өткізілуде. Біз колледждер мен жоғары оқу орындарына қоңырау шалып, еріктілердің атсалысуын сұрадық. Белсене қатысқан жастарға үлкен алғысымызды білдіреміз, - дейді орталық қызметкері Фариза Оңғарова.

Бұл акция ары қарай да жалғасын таппақ. Келесі жолы еріктілер басқа да мәдени нысандардың аумағын қардан тазартады.

Айта кетейік, кеше елорда жастары әлеуметтік желіде қар күреу челленджін бастады. Елорда еріктілерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Сондай-ақ, белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай, «Назар аудар» театрының әртістері қолдау білдірді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT