Семейлік дәрігерлер пойыз қаққан қыздың денсаулығы туралы айтты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде жүк пойызы қағып кеткен қыздың жағдайына қатысты дəрігерлер пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семейде пойыз қаққан қыз Медицина университеті госпиталінің нейрохирургия бөліміне түскен. Қазір ауруханада ем қабылдап жатқан қыздың денсаулығы қалыпты.

«Қыз бала пойызды байқамағанын айтты. Ауруханаға түскенде алкогольді ішімдік ішпеген. Жатқызылғаннан кейін қажетті барлық анализдер алынып, ем көрсетілді»,-деді Медицина университеті госпиталінің нейрохирургия бөлімінің нейрохирургі Наиль Смаилов.

Еске сала кетсек, 13-нен 14-не қараған түні  21 жастағы бойжеткен екі құрбысымен бірге дүкеннен шығып, теміржолды кесіп өтпекші болған кезде пойыз қағып кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар