Семейге су басу қаупі төнді: Тұрғындар эвакуациялана бастады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Ауа райының күрт жылынуы енді Семей жұртшылығын әбігерге салуда. Ертіс өзенінің деңгейі көтеріліп, арнасынан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір қала іргесіндегі Түйемойнақ аралы ауданы, Шығыс, Мирный кенттеріндегі үйлердің ауласын су басу қаупі төніп тұр. Тасқын салдарымен күреске қаланың барлық коммуналдық мекемелері жұмылдырылды. Оқиға орнына дереу жеткен қала әкімі Ермак Сәлімов тұрғындарды сабырлыққа шақырды.

«Барлығы арнайы құрылған комиссияның назарында. Біз бірнеше ай бұрын көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстарды қолға алғанбыз. Қазір қажетті барлық күш жұмылдырылып жатыр. Жағдай түзеледі. Тұрғындарды алаңдамауға шақырамын. Оқиға орнында шамамен 20 адам жұмыс істеп жатыр. Барлығы бақылауда», - деді қала әкімі.

Қазір Түйемойнақ аралы ауданының  тұрғындары қонақүйге орналастырылды.  Жалпы адамдарды эвакуациялау үшін қаладағы  «Турист» және  «Семей» қонақүйі мен «Строитель» демалыс базасы дайын.  Төтенше жағдай басқармасы мен қалалық әкімдіктің мамандары жағдайды бақылауда ұстауда. 

1 200 адам тұратын 496 үй бақылауға алынды.

nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар