Семейге Абайдың үш ішекті тұмар домбырасы әкелінді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абайдың үш ішекті тұмар домбырасы Семей тұрғындарының назарына ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрме Семейдегі Абай музейінде 1 шілде - Ұлттық домбыра күніне орай ашылды. Мұнда музей қорында бар 30-ға жуық домбыра қойылды. Олардың арасында   Абайдың үш ішекті тұмар домбырасы, Абайдың шәкірттерінің және өңірімізге танымал күйшілердің домбыралары бар.  

Айта кетейік, Жидебай ауылындағы музей үйінде тұрған Абайдың үш ішекті тұмар домбырасы көрмеге арнайы әкелінген. 1885 жылы Абайдың Семейдегі орыс достарының бірі Нифонт Долгополов жаз айларында Шыңғыстау аймағында болып қайтады. Абай ауылынан қайтып келгеннен кейін Семейдегі Өлкетану музейіне (1883 жылы ашылған) Абайдың үш ішекті тұмар домбырасын, қобызын, сыбызғыны, асатаяқ сынды қазақтың көне музыкалық аспаптарын  өткізеді.  Домбыра бүгінгі күні Абайдың саусағының табы қалған құнды жәдігер. Тұмар домбырада ақынның өзінен бөлек Абай өнер мектебінің шәкірттері де ойнаған.

null«Абайдың екі домбырасының бірі оның немересі Исраил Ақылбаевтің қолында болған. 1981 жылы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі ашылған уақытта сонда арнайы берілген. Одан кейін Абайдың өзі 1885 жылы өзінің досы Нифонт Долгополов арқылы Өлкетану музейіне өткізген тұмар домбырасы. Бұл тұмар домбыра көп уақыт Жидебайдағы  музейде тұрды. Ұлттық домбыра мерекесі қарсаңында қала тұрғындарына көрсету мақсатында арнайы алып келдік. Аздаған жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, көрмеге қойып отырмыз», - деді Абай музейі директорының орынбасары
Мейрамгүл Қайрамбаева.  

 

Соңғы жаңалықтар