Семейге 1 вагон гуманитарлық көмек келді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Су тасқынынан зардап шеккен семейлік тұрғындарға республикамыздың әр аймақтарынан гуманитарлық көмек келіп жатыр. Солардың бірін бүгін семейліктер теміржол вокзалынан тосып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының «Тепло» қайырымдылық әлеуметтік жобасы жіберген 1 вагон гуманитарлық көмекті «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалында құрылған қабылдау пунктінің қызметкерлері тосып алды. Зардап шеккен тұрғындарға жіберілген киім-кешек су астында қалған Мирный, Затон кенті, Бобровка саяжайы мен Пристань, Түйемойнақ аралы аудандарының тұрғындарына үлестіріліп берілетін болады.
Айта кетейік бұған дейін зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жинау мақсатында Семей қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалында гуманитарлық көмек қабылдау бекеті ашылған болатын.

null

Қазірде қабылдау пунктіне жанашырлық танытқан жұрт қолдан келген көмектерін беруде. Бүгінгі күнге дейін бірнеше рет зардап шеккен тұрғындарға жиналған азық-түлік, киім-кешек таратылып берілген. Ал бүгін келген 100 қорап толған киімді еріктілер тұрғындардың үйіне жеткізетін болады. 

null  

«Бүгін Алматыдан көмек келді. Күтіп алып жатырмыз. Қазір еріктілерден құрылған топ зардап шеккен тұрғындарға апарып береді. Көмек көрсетіп, жанашырлық танытып жатқан барлық жандарға алғыс айтамыз»,-деді «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалдинова.

null null 

Соңғы жаңалықтар