Семейдің жаңа әкімі жылыту қазандықтарын тексерді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының жаңа әкімі Нұрымбет Сақтағанов жылыту қазандықтарын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы шаһар басшысы өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Қазіргі таңда қаладағы басты мәселелердің бірі – жылу. Жуықта облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен аталған мәселе бойынша арнайы жиналыс өткізілді. Іс-шаралар жоспары әзірленді, атқарылатын жұмыстың көлемі анықталып, қаржыландыру көздері де қарастырылуда. Соңғы екі күн ішінде, қаладағы «ТЭЦ-1», «РК-1», «РК-3» Орталық», «Ғаббасов», «103-103А», «35 квартал» жылу қазандықтарына барып, жұмыс барысымен танысып шықтым. Аталған бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауда болады». - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Әкім өз сөзінде Семейге басшылық жасау үлкен абырой және жүгі ауыр, жауапкершілігі мол қызмет екендігін айтты.

«Мемлекет басшысы, Үкімет және облыс әкімінің алдымызға қойған міндеттерді қала халқымен бірлесіп іске асырамыз деп сенемін», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар