Семейдің тыныштығын «Шығыс» әскери қызметшілері күзетіп тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Семей қаласының тыныштығын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері күзетіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан бейнематериалда айтылған.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға қатысуда.

Өңірлік қолбасшылықтың әскери бөлімшелер жауапты аймақта стратегиялық және аса маңызды нысандарды күзетіп тұр. Олар құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, елді мекендердегі кіреберістерді жіті бақылауына алған.

«Осынау бір мемлекетіміз үшін күрделі кезеңде күштік құрылымдардың «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы Жоғары бас қолбасшы – Президенттің тапсырмасын орындап жатыр. Қазір ең басты мәселе – елдің Тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау. Қазір мемлекеттік стратегиялық және әскери нысандар күзет пен қорғауға алынған. Елді мекендердің кіре берісіне блокпостар қойылды», - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов.


Соңғы жаңалықтар