Семейдің сол жағалауына 20 жылдан соң ыстық су беріледі

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Биыл жазда семейліктердің ыстық су мәселесі шешілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Су құбырларының ескіруінен Семей қаласының сол жағалауындағы үйлерге ыстық су берілмей келген еді. Ал 2009 жылы Семейдегі №1 Жылу электр стансысында қайта жөндеу мен жаңғырту жұмыстары жүргізіле бастады. Осылайша 33 мың семейлік биыл ыстық суға қосылмақ.

Бүгін Семейге іссапармен келген облыс әкімі Даниал Ахметов № 1 Жылу электр стансасында болып, қазандықтардағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

Аймақ басшысы барлық жұмыстарды 1 маусымға дейін толық аяқтауды тапсырды.

«Жұмыстар 1 маусымға дейін аяқталуы керек. Халық алдағы 20 жылға ыстық сумен қамтылатын болсын. 1997 жылдан бері жаз кезінде бұл жерде су болмаған. Осы мәселе толық шешіліп, қайта көтерілмеуі тиіс. Тек РК-3-тен жылытылатын шағын ауданды есепке алмағанда, - деді Даниал Ахметов.

Еске салайық, бүгін Семей қаласына келген аймақ басшысы су тасқыны салдарынан зардап шеккен аудандарда болып, халықпен кездесті.

Сондай-ақ қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан Семей әуежайында болды.

Бұдан бөлек, Даниал Ахметов медициналық жедел жәрдем ауруханасының жұмысымен танысты. 

Соңғы жаңалықтар