Семейдің орталық саябағы жөнделеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейдің орталық саябағына ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қала әкімі Ермак Сәлімов бүгін саябақта​ болып, жобалаушылармен және БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала басшысы жасыл бұрыштың ауқымды реконструкциялауға ұшырайтынын айтты. Орталық саябақ қала тұрғындары үшін заманауи және жайлы демалыс аймағына айналмақ.

«Біз ағаштарға тимейміз. Патологиялық сараптама арқылы кесу жұмыстары ғана жүргізіледі»,-деді Ермак Сəлімов.

Ермак Сəлімов Шәкәрім ескерткіші мен азамат соғысының батыры мемориалы бұрынғы орнында қалатынын айтты. Жəне саябақтың ішіндегі барлық көңіл көтеру орындарын қоршауды тапсырды.

Жобалаушылар саябақ 4 аймаққа бөлінетінін айтты. Демалыс орнында​ амфитеатр, балалар және спорт алаңдары​ пайда болады. Саябақ аймағында заманауи субұрқақтар орнатылып,​ барлық аумақ жарықдиодты шамдармен қамтамасыз етіледі. Балалар үшін табиғи материалдардан дайындалатын алаң қарастырылған. Ал зейнетке шыққан тұрғындар үшін шахмат тақталары мен би алаңы орнатылады.

«Саябақта футбол, баскетбол, волейбол және скейт алаңдары пайда болады», - деді жобалау компаниясы басшысының орынбасары Марат Жұмағұлов.

Жұмыс таяу күндері басталады. Жоба бойынша демалыс аймағын қалпына келтіру үш айға созылмақ .

Соңғы жаңалықтар