+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Семейдің қалалық мәдениет үйіне Бибігүл Төлегенованың есімі беріледі

2019 жылғы 16 желтоқсан 18:02
Бөлісіңіз:
Семейдің қалалық мәдениет үйіне Бибігүл Төлегенованың есімі беріледі

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде қалалық мәдениет үйіне Социалистік Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенованың есімі беріледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Birgemiz» қоғамдық қорының ресми сайты іске қосылды Талдықорғанда түнгі уақытта жұмыс істеген дәмханаға айыппұл салынды 2 сәуір. Туған күн иелері

ҚР Тәуелсіздік күніне орай жаңа көп функциялы мәдени-спорттық кешенде үлкен концерт өтті. Семей әкімі Ермак Сәлімов қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, 16 желтоқсанда жерлестері Ұлы Даланың бұлбұлы Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 90 жасқа толатынын хабарлады.

«Бибігүл Ахметқызы Төлегенова ЮНЕСКО-да ХХ ғасырдағы ғасырдың көрнекті 20 әйелінің бірі ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген. Бибігүл Ахметқызына құрмет көрсете отырып, біз Семей жерінің шын мәнінде киелі екенін тағы бір рет атап өткіміз келеді. Бізде мақтанатын дүниелер бар!», - деді өзінің құттықтау сөзінде Ермак Сәлімов.

Сонымен қатар, әкім Семейдегі қалалық мәдениет үйіне Бибігүл Төлегенованың есімін беру үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баса айтты.

«Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Амандық, барлық істеріңізге сәттілік және Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!», - деп сөзін қорытындылады қала басшысы.

Салтанатты жиын барысында мерекелік концерт өтіп, қала тұрғындарына марапаттар табысталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT