Семейдің іргесіндегі ықшамаудандарға су мен жарық тартылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының іргесіндегі ықшамаудандарға су мен жарық тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһардың шетіндегі Ұшақтар және Комсомол кенттерінде тұрғындарды электрмен және сумен қамтамасыз ету жұмыстары мәресіне жетті. Бүгінде электр желілері тұрғын үйлерге қосылып, барлық жер учаскелеріне су құбыры тартылған. Жоба екі жыл аралығында іске асырылды. Енді жергілікті жұрт ШҚ АЭС-тен техникалық шарттарды алып, жүйеге қосылған соң «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ға дербес шот ашу үшін өтінім берулері қажет.

«Тұрғындардан ШҚ АЭС-ке техникалық шарттар үшін хабарласып, қосылуға өтінім беріп және дербес шоттар ашуда белсенділік танытуды сұрағым келеді. Сумен жабдықтауда осы жүйе бойынша «Водоканал« МҚК-ға техникалық шарттар бойынша хабарласып суды қосулары қажет», - дейді Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков.


Сонымен қатар осы ықша аудандарда жол төселіп, көше жарықтарын орнатуға уәде берілген. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жоба бойынша жұмыстарды алдағы жылы бастау жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар