Семейдің бұрынғы әлеуетін қайта жандандырамыз – Нұрлан Ұранхаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңадан құрылған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірде қай салаларды дамытуға басымдық берілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бірінші кезекте экономиканы көтеріп, адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту керек шығар. Әрине, одан кейін көбірек инвестиция тарту қажет. Біздің өңір үшін дәстүрлі болып саналатын ауыл шаруашылығы сияқты салаларды дамыту керек. Бұрынғы Семей облысы аграрлық өлке болған. Мал шаруашылығы, соның ішінде қой шаруашылығы жасқсы жолға қойылған болатын. Яғни, біз жаңа ештеңе ойлап табайық деп отырған жоқпыз. Бұрыннан бар, әбден жолға қойылған салаларды қалпына келтіруге тырысамыз», - деген облыс басшысы Семей-Алакөл бағытындағы автомобиль жолының тағдыры не болатынын айтты.
«Сіздерге кішігірім құпия айтайын. Келесі аптада бізге Мәжіліс комитетінің 3 өкілі келеді. Олардың арасында Үкімет өкілдері де бар. Бұл жолды біздің үлкен мәселе дегеннен гөрі келешегіміз деген дұрыс шығар. Өңірдің транспорт әлеуетін пайдаланамыз. Өйткені біз Қытай мен Ресейдің ортасында жатырмыз», - деді Нұрлан Ұранхаев Үкімет кулуарында.

Еске салсақ, кеше Абай облысының әкімі Президентке өңірдің қазіргі жағдайы туралы баяндаған болатын.


Соңғы жаңалықтар